Қазақстан экономикасындағы оң динамиканы сақтайтын 5 негізгі қадам қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында ел экономикасындағы оң динамиканы сақтайтын 5 негізгі қадамды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылып отыр.

Бірінші – инвестицияларды тарту мен сүйемелдеу бойынша тиімді жұмыс атқару, инвестициялық жобаларды іске асырудың тұрақты мониторингін жүргізу.

Екінші – егін жинау және мал азығын дайындау көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша уақытылы шешімдер қабылдау, құрылыс жұмыстары маусымының аяқталуына дайындалу.

Үшінші – инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін жедел орындау.

Төртінші – халықты вакцинациялау және шағын және орта бизнес қызметін қалпына келтіруге белсенді түрде қолдау көрсету.

Бесінші – «Еңбек» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары аясында жұмысқа орналастыру шараларын тиімді іске асыруды жалғастыру. Жоғарыда аталған шараларды іске асыру еліміздің макроэкономикалық тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді», - деді министр.

Сондай-ақ, ол халықты баспанамен қамтуда алға шыққан үш өңірді атады.


Соңғы жаңалықтар