Қазақстан ЕАЭО-ның жекелеген шарттарына өзгеріс енгізуге қатысты хаттаманы ратификациялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның қосылуына байланысты ЕАЭО-ның жекелеген халықаралық шарттары мен одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі өтпелі ережелер туралы хаттамаға өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Респуликасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар