Қазақстан ДСҰ комитетіндегі төрағалығын аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) штаб-пәтерінде Қазақстанның төрағалығымен ДСҰ Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитетінің соңғы кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға ДСҰ-ға мүше барлық елдердің өкілдері, БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негізгі конвенциясы (КӨНК) қатысты. Осыған байланысты кездесуге төрағалық еткен қазақстандық елші Жанар Айтжанова осы бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында бірқатар тауарлар мен жабдықтарға кедендік баж салығын алып тастауға бағытталған көп жақты Экологиялық тауарлар жөніндегі келісім (ЭТК) жасасу туралы баяндама тыңдалды.

Комитет төрағасы Канада, Жаңа Зеландия, Перу және басқа да елдердің делегацияларының баяндамаларына жоғары баға берді және ДСҰ-ға мүше мемлекеттерді тығыз ынтымақтастық жасасуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар