Қазақстан депутаттары вакцина салдырды ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Қазақстан депутаттары вакцина салдырды ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, қандай да бір мемлекеттік органға немесе қандай да бір ұйымға баса назар аударудың қажеті жоқ. Ереже барлығына бірдей. Вакцина салғызбағандардың бәрі әр жеті күн сайын ПТР тесттің теріс нәтижесімен келуі керек. Дегенмен, бізге алдын-ала белгілі болғандай, депутаттық корпус өте белсенді түрде вакцина алған. Екпе алмағандардың да медициналық немесе науқас болуына байланысты қарсы көрсетілімдері бар. Вакцина салдыру пайызы айтарлықтай жоғары», - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде.

Министрдің айтуынша, барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері белсенді түрде вакцина алған.

«Барлық басқа кәсіпорындарға қандай ұйым болғанына қарамастан, ереже ортақ. Баршаңызды вакцина салдыруға және отбасыларыңызды қорғауға шақырамыз», - деді Алексей Цой.

Бұған дейін Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы отандық вакцина салғызғанын айтқан еді.

Сонымен бірге, отандық «QazVac» вакцинасы ел азаматтарын қамтамасыз еткен соң ғана көрші елдерге жіберіледі.



Соңғы жаңалықтар