Қазақстан делегациясы климат өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Асқар Мамин климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды» деп жазды ол Facebook парақшасында.

Айта кетейік, жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді.


Соңғы жаңалықтар