Қазақстан делегациясы Ислам ұйымы Атқарушы кеңесінің сессиясына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан делегациясы ИСЕСКО Атқарушы кеңесінің 38-ші сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылғы 3 қазанда Марокконың астанасы Рабат қаласында Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымы (ИСЕСКО) Атқарушы кеңесінің 38-ші сессиясына Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.

Іс-шараға Марокко Үкіметінің мүшелері, ИСЕСКО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, халықаралық ұйымдардың делегациялары және аталған ислам ұйымның басшылығы мен сарапшылары қатысты. Кездесуде ұйымның 2016 жылғы атқарған жұмысы туралы есеп және алдағы жоспарлары, атап айтқанда 2019-2027 стратегиясы талқыланды. Ұйымның бас директоры Абдулазиз ат-Туйэджри ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жуырда Астана қаласында өткен ғылым және технологиялар жөніндегі Ислам Саммитінің нәтижелеріне жоғары баға берді.

Өзінің баяндамасында Қазақстан делегациясының басшысы ИСЕСКО-ның жұмыс жоспарына Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің бұрынғы аумағындағы ғылыми технологиялық жобаларға қатысуын, Қазақстан бастаған «Жаһандық энергия және экологиялық стратегиясы» және БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында бекітілген «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасына атсалысуын қосу туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар, форумда Астана қаласында үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне ИСЕСКО-ның қатысуы және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы шеңберінде ынтымақтастық орнату мәселелері көтерілді.

Іс-шара аясында Елші ИСЕСКО-ның бас директор мен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастық мәселелері, Қазақстанда іске асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әріптестік құрып, бірлескен жобаларды іске асыру жолдары қарастырылды.

null

Соңғы жаңалықтар