+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қазақстан Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынады

2020 жылғы 23 қыркүйек 20:24
Бөлісіңіз:
Қазақстан Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, сондай-ақ, пандемияның алдын алу және оған қарсы күрес саласында жекелеген мемлекеттердің әлеуетін арттыру мақсатында Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді қайта қарау қажеттігі туындауы мүмкін. Біз БҰҰ аясында Аурулар мен биологиялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар желісін құру идеясын мұқият зерттеуді ұсынамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұндай орталықтың бірін өз аумағында орналастыруға дайын екендігін баса айтты.

«Соңғы әрі аса маңызды мәселе: әлемді жаулаған жаһандық пандемияға байланысты биологиялық қаруды бақылау жүйесін әзірлеу және іске қосу мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдында есеп беретін арнайы көпжақты орган – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынады. Бұл органның қызметі Бактериологиялық (биологиялық) және улы қарудың мол қорын дайындауға, өндіруге тыйым салу және оларды жою туралы 1972 жылғы конвенцияға негізделеді», - деді ҚР Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT