Қазақстан бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 1 миллион тонна бидай мен 300 мың тонна мөлшерінде ұнды сыртқа шығаруға квота енгізілген болатын. Бүгін, яғни 15 маусымда оның мерзімі аяқталуыға тиіс еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 550 мың тонна көлемінде бидай мен меслин, сондай-ақ үшінші елдерге 370 мың тонна көлемінде бидай мен бидай-қара бидай ұнының экспортына шектеу енгізу туралы шешім қабылдады» деп мәлім етті Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ведомство ауыл шаруашылығы өнімдерін квоталау механизмін бекіту бойынша шара қабылдап жатыр.

15 маусымға дейін Қазақстаннан 1 миллион тонна бидай мен 300 мың тонна мөлшерінде ұнды сыртқа шығаруға квота енгізілген болатын.

Қазақстанның астық одағының мәліметіне сәйкес, 13 маусымдағы жағдай бойынша бидайға арналған квотаны игеру - 69 пайыз, ұн бойынша - 86 пайыз.


Соңғы жаңалықтар