Қазақстан Бангладешке - әскери жабдық, Италияға - аккумулятор өткізе бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауда және интеграция министрлігі таяуда отандық өнімдер жаңа нарықты жаулайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлікте өткен жиында Бақыт Сұлтанов өткен жылғы жұмыс қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.

Әлемдік сауданың трансформациясы және әлемнің ірі экономикалары арасындағы протекционистік шаралардың күшеюі жағдайында сыртқы сауда саясатын жетілдірудің қажеттілігі артып келеді.

«Осыған байланысты министрлік бүгінгі сын-қатерлерді ескере отырып, экспортты жылжыту орталық міндет саналатын сауда саясатын модернизациялауға шоғырландырды. Осы мақсатта қазақстандық экспорттаушыларға маркетингтік қолдау көрсетілді. Министрлік жұмыс істеген алты ай ішінде шетелде 300-ге жуық қазақстандық компаниялардың қатысуымен 50-ден астам іс-шаралар өткізілді. Бизнес-іс-шаралардың нәтижесі - 114 млрд теңгеден астам сомаға немесе 270 млн доллардан астам 63 экспорттық келісімшарт» делінген хабарламада.

Қазақстандық өнімдердің экспортын жылжыту, сауда ынтымақтастығын дамыту және мәмілелер жасасу бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында Сыртқы істер министрлігімен бірлескен іс-шаралар жоспары жасалды.

«Біз бұл тетіктер өндіріс құнын 5-10% төмендетеді, сонымен қатар экспорт географиясы мен тауарлар түрін кеңейтеді деп үміттенеміз. Мәселен, жаңа нарықтар пайда болды. Алғаш рет әскери техника Бангладешке, ал аккумуляторлар Италияға жеткізілді», -деп атап өтті сауда және интеграция министрі.


Соңғы жаңалықтар