Қазақстан БАӘ-ден қазақстандық туристерді елге қайтаруға көмек сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали Шарджа әуежайында қалып қойған қазақстандықтардың жағдайына байланысты ведомствоның пікірін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылдың 29 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына (қою тұман) байланысты Шарджа қаласының әуежайындағы барлық рейстер тоқтатылды. «Эйр Арабия» әуе компаниясының мәліметіне сүйенсек, 2016 жылдың 29 желтоқсаны күні Шарджадан Алматыға (180 адамдық) рейс ұшуы тиіс болған. Бұл рейс тоқтатылды.

Туроператорлардың ақпараты бойынша, барлық қазақстандық жолаушылар тамақтандырылып, қонақ үйлерге орналастырылды. Оған қоса, «Эйр Арабия» компаниясы Шарджадан Астана мен Алматы қалаларына екі рейсты тоқтатты. Бұл рейспен 300 жолаушы, соның ішінде Шарджадан Коломбоға (Шри-Ланка) 50-ге жуық транзиттік жолаушылар ұшуы керек болған. 2016 жылдың 30 желтоқсан күні Шарджа әуежайы барлық әуе рейстерін қабылдап, ұшыруда. «Эйр Арабия» ақпаратына сүйенсек, бүгінгі рейстер кесте бойынша Шарджадан Астанаға сағат 10:10-да және Алматыға 11:30-да ұшады», - деп айтылған хабарламада.

Бұрын атап өтілгеніндей, қазақстандық туристерді елге қайтарудың мынадай мәселелері талқылануда:

Бірінші. «Эйр Арабия» әуе компаниясы қосымша рейстер енгізіп, жолаушыларды елге қайтарды. Қазіргі таңда әуе компаниясының басшылығы бұл мәселе бойынша нақты жауап бермеді.

Екінші. Қазақстандық туроператорлар СКАТ әуе компаниясының борттарымен бірлесе біздің туристерімізді Шарджадан Алматыға тасып, қайтар жолда Шарджаға ұшатын саяхатшыларды алып қайтады. «Эйр Арабия» компаниясы операторларға туристердің жолақыларын кешірек қайтаруы тиіс.

Үшінші. Біздің туристерді бос орындарға отырғызып немесе адам сыйымдылығы көп бортқа алмастырып, бағыттас әуе рейстерімен алып қайту нұсқалары қарастырылуда.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі осы мәселені шешу мақсатында жұмыс штабын құрды. Сыртқы істер министрлігі мен әуе компаниялары туроператорлармен бірлесіп осы жағдайды талқылауда. Қазіргі таңда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі БАӘ авиациялық биліктің ресми тармақтарына қазақстандық туристерді жөнелту үшін қазақстандық тудың астындағы қосымша бортты қабылдау және қызмет көрсетулерін сұрап хат жолдады. Сондай-ақ, көршілес мемлекеттердің жоғарғы әуе кеңістігінен ұшу үшін хаттар жіберілді», - деп айтылады хабарламада.

Соңғы жаңалықтар