Қазақстан азаматтарына өз құқығын қорғау жеңіл болмақ – ГФР өкілі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Берлин әкімшілік сотының судьясы, «Орталық Азия елдерінде құқықтық мемлекеттілікті орнатуға септесу» (GIZ) бағдарламасының директоры, аталған ұйымның Қазақстан мен Өзбекстандағы өкілі Йорг Пуделька Қазақстандағы құқықтық жүйенің реформасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Қазақстанда әкімшілік процедуралық процессуалдық кодекс қабылданды. Бұл құжат келесі жылы күшіне енеді. Бұл Қазақстандағы аса ірі реформалардың бірі. Себебі, мүлде басқа заң қалыптасады. Әкімшілік жауапкершілікті қабаттастырмай жария құқықтық мәселелерді ғана қарастыратын мүлде бөлек соттар болады. Балтық жағалауы елдері бұл жүйеге бұрыннан көшкен. Посткеңестік елдер енді ауысып жатыр. Украинада бұл жүйе бар. Барлық оңтүстік Кавказ: Армения, Грузия, Әзербайжан осы жүйеге көшті. Орталық Азияда Қырғызстан бірқатар шектеумен, Өзбекстан ауысып жатыр. Қазақстан да келесі жылы осы жүйеге кқшеді», - деді ол.

Оның айтуынша, соттар бірінші рет жария құқықтық дауларды институционалды принциппен қарастыратын болады.

«Яғни, бұл жер де соттың белсенді рөлі айқындалады. Бұл тараптардың жауапкершілігін азайтып, құқықтарын көбейтеді. Қазақстан азаматтары құқықтық білімі болмаса да, қорғаушысыз да өз құқықтарын қорғай алады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар