Қазақстан азаматтарын Оңтүстік Кореядан эвакуациялау мәселесі көтерілген жоқ - СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесі көтерілген жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус анықталған елдердегі біздің Елшіліктер күшейтілген жұмыс режиміне көшкені белгілі. Елшіліктердің әлеуметтік желілердегі парақшалары мен ресми сайттарында консулдық есепке тұру қажетті туралы ақпарат жарияланған. Мәселен, өткен брифингте біз Оңтүстік Кореяда 800-ден азаматымыздың консульдық есепте тұрғанын айтсақ, бүгінде олардың саны 1,5 мыңға жетіп отыр. Өздеріңізде білесіздер, ол жақта 35 мың азаматымыз бар. Әзірше оларды эвакуациялау мәселесі көтеріліп отырған жоқ», - деді Айбек Смадияров.

Ресми өкіл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тұрақты әуе рейстерінің бар екендігін айтты. Дегенмен, олардың санының қысқарғанын ескертіп өтті.


Соңғы жаңалықтар