Қазақстан ауылдарының жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ауылдарының жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта 6 444 ауылда 7.7 млн адам тұрады. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде бірқатар шешілмеген мәселе бар. Ауылдардың жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет. Инженерлік желілер тозуының жоғары деңгейі байқалады. Көптеген ауылдарда, білім беру және денсаулық сақтау объектілері жөндеуді қажет етеді», - деді ол.

Вице-премьер осыған байланысты ауылды дамыту үшін кешенді тәсіл қолдануды ұсынады.

«Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл – ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады. Сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек» және басқа да қолданыстағы бағдарлама аясында кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады«, - деп атап өтті Р.Скляр.

Р.Склярдың айтуынша, қазіргі уақытта даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеп алынды. Оның ішінде – 1 150 тіректі және шекара маңындағы 2 327 ауыл. Аталған ауылдарда 6,6 млн адам немесе ауыл халқының 85 пайыз тұрады. Оларды дамыту басымды түрде жүргізіледі.

»Халық саны өсуінің, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының жалпы қосылған құнның, халықтың жұмыспен қамтылуының жыл сайынғы өсу динамикасы бар осындай ауылдар ірі елді мекендерге жақын орналасқан«, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар