Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының 9-отырысы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Аустрияның Линц қаласында Қазақстан-Аустрия Экономикалық, ауылшаруашылық, экологиялық, индустриялық, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 9-отырысы өтеді. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отырыс барысында тараптар Қазақстан мен Аустриядағы өзекті экономикалық жағдайды, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, көлік және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және цифрландыру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға ниетт» - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, аталған комиссияға Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал Аустрия тарапынан сол елдің Цифрландыру және экономика жөніндегі федералдық министрлігінің Экономикалық стандарттар, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Флориан Фраушер тең төраға саналады.

Айта кетейік, Үкіметаралық комиссияның 8-отырысы 2017 жылдың тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар