Қазақстан ауған халқына 46 вагон гуманитарлық көмек жеткізді

None
None
БАЛХ ПРОВИНЦИЯСЫ. ҚазАқпарат - Қазақстаннан барған гуманитарлық көмек Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкасы кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді.

Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігінің өкілдері қатысты.

Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратады.


Соңғы жаңалықтар