Қазақстан әуежайларында күшейтілген қауіпсіздік шаралары 10 мамырға дейін жалғасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан әуежайларында авиация қауіпсіздігі күшейтілген шаралары 10 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарланғандай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне еліміздің ірі әуежайларында тексеру шараларының күшейтілгені жөнінде азаматтардан хабар түсіп жатыр.

«Бұл шаралар Қазақстан Республикасы авиация қауіпсіздігі мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жүзеге асып жатыр. Елімізде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде әуежайларда авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейеді. Авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейген кезде аэровокзалдар ғимараттарына кіреберіс жерде тексерудің бірінші желісі орнатылып, әуежайлардың бақыланатын және бақыланбайтын аймақтарында патрульдеу жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Аталған шаралар 2019 жылдың 10 мамырына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар