Қазақстан әскерінің таулы бөлімшелері Эльбрус шыңын бағындырмақшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы Қабардино-Балқар Республикасының аумағындағы «Эльбрус сақинасы-2019» байқауына дайындық кезеңдерінен сәтті өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сайыс қабарысында әскери қызметшілердің жеке дайындығы жетілдіріліп жатыр және бөлімшелерді үйлестіру, жеке құрамды жерсіндіру, қозғалыс маршрутын үйрену, тауларда құтқаруды ұйымдастыруды пысықтау бойынша сабақтар өткізілді.

Конкурс бағдарламасы әртүрлі. Сайыс барысында олар Эльбрус тауының шыңына шығып, таулы аймақтарда марш жасайды. Ойын үш кезеңде өтеді. Онда қатысушылар 14 арнайы тапсырманы орындайды. Бірінші кезеңде қатысушылар 5 арнайы тапсырманы орындайды, оның ішінде, жеке өрмелеу сайысы, таулы жерде бағдарлау, байланған күйі өрмелеу, таудағы кедергілер жолағынан өту және топ құрамында оқ ату бар.

Біздің әскери қызметшілер Ресей, Өзбекстан, Үндістан және Марокко командаларымен күш сынайды.

Соңғы жаңалықтар