Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 35 пайызға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемияның көлік саласына кері әсер еткеніне қарамастан еліміз арқылы өтетін контейнерлердің транзиттік тасымалы 35 пайызға артқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 82,7% пайызды құрады. Пандемияның көлік саласына теріс әсеріне қарамастан, жекелеген бағыттарда өсім бар. Атап айтқанда контейнерлердің транзит тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,4% пайызға артып, 718,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады. 2019 жылдың қаңтар–қазан бұл көрсеткіш 530,8 мың жиырма фунттық балама еді», - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 3,2 млрд тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 92,9% пайызды құрап отыр.


Соңғы жаңалықтар