Қазақстан ағымдағы жылы 15 тонна тазартылған алтын өндіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ағымдағы жылы 15 тонна тазартылған алтын өндіруді жоспарлап отыр. 

Бұл жайында бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Нұрашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС 2016 жылды 18,8 пайыздық өндірістік өсіммен аяқтады. 2015 жылы кәсіпорын 10,1 тонна алтын өндірсе, 2016 жылғы көрсеткіш 12 тоннаға жетті. Біздің алдымызда 2017 жылы кемінде 15 тонна тазартылған алтын өндіру міндеті тұр. Бұл LondonGoodDelivery мәртебесін алуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, 2015 жылы зауыт вакуумды тазарту негізінде алтын, күміс және басқа да металл қоспаларын қышқылсыз бөлу технологиялық желісін іске қосқан. Нәтижесінде ол зауыт жұмыс істеген алғашқы жылдармен салыстырғанда тазарту жұмыстарының өзіндік құнын 40 пайызға төмендетуге мүмкіндік берген.

«Зауытты одан ары дамыту барысында барынша жоғары өңделген өнімдер шығару көзделеді. Атап айтқанда, зергерлік және техникалық бұйымдарға арналған өнім дайындалады», - деді Нұрашев.  

Соңғы жаңалықтар