Қазақстан 6 мыңға жуық туристі елге қайтару үшін 19 чартерлік рейс ұйымдастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шет елдерде жүрген 6 мыңға жуық қазақстандық туристі елге қайтару үшін чартерлік рейстер ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Дастан Рыспеков айтып берді.

18 наурыздағы жағдай бойынша шетелде туристік опеторлар арқылы демалып жатқан қазақстандықтар саны 5 914 адамды құраған.

«Үш күнде оларды елге қайтару бойынша 14 чартерлік рейс жасалып, 2 818 адам елге қайтарылды. Жалпы 18 наурыздан 23 наурызға дейін 19 чартерлік рейс жоспарланған. Енді 1022 туристі қамтитын 5 рейс қалып отыр. Бүгін кешке және түнде 733 жолаушыны әкелетін 4 рейс жоспарланған», - деді Д. Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар, тұрақты рейстермен 1879 адамның 1695-і Қазақстанға қайтып келді. Қазіргі уақытта шетелдегі 379 азаматты қайтару қалды, оның 319-і 23 наурызға дейін Ресей арқылы транзитпен қайтады.


Соңғы жаңалықтар