Қазақстан 2027 жылы газ өндіру көлемін 80 млрд текше метрге жеткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан 2027 жылы газ өндіру көлемін 80 млрд текше метрге жеткізеді. Бұл туралы бүгін XII Kazenergy Еуразиялық форумында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні климаттың өзгеруіне байланысты алдымызда тұрақты даму міндеттері тұр. Болашақ әлемнің көз алдында Париж конвенциясына қол қойылды және біз бүкіл күш-жігерімізді жаһандық энергетикалық балансты қолдау ісіне арнадық. Біз жыл сайын 90 млн тонна мұнай өндіреміз. Бұл бізді жергілікті мұнай мен газ өндірушілердің көшбасшысына айналдырды», - деді ол.

Үкімет басшысының атап өтуінше, Қазақстанда мұнай өндіру мұнай химиясы мен мұнай өңдеу индустриясын одан ары дамытудың басты факторына айналып отыр. Бүгінгі күні отандық мұнай өңдеу зауыттарының қуаты айтарлықтай өсті.

«Қазіргі таңда өнімдер номенклатурасы ішкі қажеттілігімізді толық жабады. Нарық өсіп келе жатыр. Осы жылы мұнай өндіру 51 млрд текше метрге жетеді деген жоспар бар. 2027 жылы газ өндіру көлемі бұдан да артып, 80 млрд текше метрге жетпек. Біз бұл сектордың айтарлықтай кеңеюін күтеміз», - деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар