ҚазАқпараттың 100 жылдық жолы – Қазақстанның тарихи жылнамасы - АЗЕРТАДЖ Басқарма төрағасы

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – АЗЕРТАДЖ Басқарма төрағасы Аслан Асланов «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігін 100 жылдық мерейтоймен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Асқар Умаров және қымбатты әріптестер! АЗЕРТАДЖ ұжымының атынан және жеке өзімнің атымнан Сіздерді «ҚазАқпараттың» 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.

Өңірдің маңызды жаңалықтар агенттіктерінің бірі «ҚазАқпараттың» жүз жылдық даму жолы Әзербайжан үшін достық және бауырлас ел - Қазақстанның тарихи жылнамасын көрсетеді. Агенттіктің әлемдік ақпарат кеңістігінде екінші жүз жылдыққа нық қадам басуы прогреске жаңа парақ ашып жатқанын білдіреді.

АЗЕРТАДЖ бен ҚазАқпарат ұзақ уақыт бойы тығыз достық байланыс пен ынтымақтастықты жалғастырып келеді, Азия мен Тынық мұхиты елдерінің жаңалықтар агенттіктері ұйымы мен басқа да халықаралық ақпараттық ұйымдар шеңберінде ынтымақтасып, бір-біріне қолдау көрсетуде», - деді Аслан Асланов.

Ол ақпараттық саладағы тығыз серіктестік қарым-қатынасымыз алдағы уақытта да бауырлас екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға, біздің елдер арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге үлес қосатынына сенімді екенін жеткізді.

«Бүгінде түркі әлемінің бірлігі мен ынтымағы бұрынғыдан да қатты қажет. Біз, бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлері, бұл сын-қатерге бірлескен күш-жігермен тойтарыс бере аламыз. «ҚазАқпарат» және «АЗЕРТАДЖ» сияқты құрдас агенттіктер бұған дайын деп санаймын. Сіздерді мерейтоймен тағы да құттықтай отырып, «ҚазАқпараттың» барлық қызметкерлеріне денсаулық, табыс тілеймін.

Жүз жылдық құтты болсын!», - деді Аслан Асланов.



Соңғы жаңалықтар