ҚазАқпаратқа 100 жылдық мерейтойына орай қазақстандық ноутбук сыйланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдық мерейтойына орай С.М. Киров атындағы зауыт өздері жасаған ноутбук сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі өзінің 100 жылдығын атап өтті. Жаңа жыл қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында С.М. Киров атындағы зауыт ҚазАқпараттың мерейтойына орай зауыттың өзінде шығарылған ноутбук сыйлады. Зауыт Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан және жоғары дәлдіктегі технологиялық өнімдер шығарады.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі барлық БАҚ өкілдерін және қазақстандықтарды келе жатқан 2021 жылмен шын жүректен құттықтады. Жыл басында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын ескере отырып ОКҚ баспасөз шараларын онлайн форматты енгізгенін атап өткен. Халықты толғандыратын тақырыптар бойынша өтетін брифингілер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру тәсілдері түбегейлі өзгерді. Азаматтар ең танымал ақпараттық арналардан күн сайын елде болып жатқан маңызды және өзекті оқиғалар туралы жедел және сенімді ақпарат алды.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен 366 баспасөз шарасы нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдарында 200 мыңнан астам материал жарияланды. Әртүрлі бағытта 57 сарапшымен брифинг өткізілді. ZOOM платформасындағы баспасөз конференциясының жаңа форматы енгізілді. Журналистер тарапынан 10 мыңнан астам сұрақ қойылды.


Соңғы жаңалықтар