ҚазАқпарат ТМД-дағы беделді ақпарат көзінің біріне айналды – CІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Мұхтар Тілеуберді «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Министр «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, «агенттік сонау «ҚазТАГ»-тан бастау алып, өзіндік тарихи жолын кешіп, қазіргі таңда тек Қазақстан аумағында емес, бүкіл ТМД аумағындағы беделді ақпарат көзінің біріне айналды», - деп атап өтті.

Оның айтуынша, «ҚазАқпарат» бүгінде оқырмандар үшін еліміздің барлық сыртқы саяси бастамаларының, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуының, сондай-ақ бүкіл әлем жаңалықтарының шынайы айнасы болып табылады.
М.Тілеуберді Қазақстанның басты ақпарат агенттігінде қызмет етіп жүрген ұшқыр ой және жүйрік қалам иелеріне үлкен ықыласы мен құрметін жеткізе отырып, ұжымға шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық пен асқақ абырой тіледі.


Соңғы жаңалықтар