ҚазАқпарат тілшісі республикалық байқауда жүлдегер болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздегі коронавирус ахуалына байланысты марапаттау шарасы онлайн режимде өтті.

Сонымен байқаудың бас жүлдесі «Ана тілі» газетінен Дәуіржан Төлебаевқа бұйырды. Ал «Үздік мақала» аталымында 1-орын - «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Орынбек Пазыловқа, 2-орын - «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Гүлзина Бектасоваға, 3-орын - «Ана тілі» газетінің тілшісі Қарагөз Сімәділге бұйырды.

«Үздік сайт мақаласы» аталымында «Аладоп.кз» сайтынан Ермұхамед Мәулен 1-орын алса, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Аян Өрібай мен «Elorda Aqparat» тілшісі Аян Әбдуәли 2 және 3-орындарды бөлісті.

«Үздік радиобағдарлама» аталымында 1-орын «Шалқар» радиосынан Гүлнұр Омарханқызына берілді. Ал екінші орынға «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС-інен Айнұр Шамшейітова, үшінші орынға «Шалқар» радиосынан Нұрмат Мансұр табан тіреді.

Бас жүлде иегеріне 1 млн, ал қалған аталымдардың 1-орнына - 500 мың, 2-орынға - 350 мың, 3-орынға - 150 мың теңгеден ақшалай сыйақы берілді.

Айта кетерлігі, бұл байқауда еліміздің түкпір-түкпіріндегі 56 журналистің 2019 жылғы 11 маусым мен 2020 жылғы 3 маусым аралығында жарияланған 116 материалы талқыға түсті.


Соңғы жаңалықтар