ҚазАқпарат «Шаңырақ» республикалық байқауында І орынды жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат ұжымы Қазақстан халқы ассамблеясы БАҚ арасында ұйымдастырылған «Шаңырақ» республикалық байқауында І орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен баршаңызды келе жатқан ұлы мереке Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздіктің 30-шы жылын межеледік, айтар дүние көп. Ол туралы айтылып та жатыр. Еліміз осы уақыт ішінде айтулы жетістіктерге жетті. Ол Елбасы жүргізген саясат пен халық бірлігінің арқасында келіп отыр. Бүгінгі шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, ассамблея жұмысына еңбек сіңірген азаматтар мен өңірлерден келген құрметті қонақтар қатысып отыр», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов салтанатты шарада.

БАҚ өкілдеріне арналған «Шаңырақ» республикалық байқауының мақсаты – елдегі татулық пен бірлікті және қоғамдық келісімді нығайтуды тілші жұмыстары арқылы насихаттау, дәріптеу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған байқау өңірлік және республикалық деңгейде 2 кезең бойынша өтті.

Республикалық деңгейге 40-тан астам жұмыс қатысып, соның ішінен әділқазы алқасы үздік деген 9 материалды таңдап алды.

«Шаңырақ» республикалық байқауының жеңімпаздары:

Бас жүлде - «Хабар» агенттігінің «Бүгін» бағдарламасы;

1 орын - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі және «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті;

2 орын - Алевтина Мадирова «Қаратал» саяси-қоғамдық газеті (Алматы облысы Қаратал ауданы) және Надежда Палинка (Азаттық рухы ақпарат агенттігінің тілшісі);

3 орын - Михаил Те, Виталий Несіпбаев және Назерке Мұса (Жамбыл облысы).




Соңғы жаңалықтар