ҚазАқпарат сарапшысы «Құрмет» орденіне ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің аналитигі, тәжірибелі журналист Мұратбек Мақұлбеков «Құрмет» орденінің иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі күн бұрын біз бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнін атап өттік. Соған байланысты әріптесіміз Мұратбек Мақұлбековті арнайы «Құрмет» орденімен марапаттау үшін жиналып отырмыз. Мұратбек ағамыз 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» сапында жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында жас буынға кәсібиліктің теңдессіз үлгісін көрсетті. Осы еңбегі ескеріліп, бүгін «Құрмет» ордені табысталып отыр», - деді ҚР Президенті Телерадиокешені бас директорының орынбасары Тілеген Әбішев.

Мұратбек Мақұлбеков 1992 жылдан бері журналистика саласында еңбек етіп жүр.

Ал «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігінің орыс редакциясының сапында 2005 жылдан бері жұмыс істейді.

Тәжірибелі әріптесіміз оқырман қауымға өзінің талдау материалдарымен, мазмұнды сұхбаттарымен танымал.

Ақпарат саласының сақа маманын «ҚазАқпарат» ұжымы мәртебелі марапатымен құттықтайды.


Соңғы жаңалықтар