ҚазАқпарат қызметкері «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА қызметкері Руслан Жұбаныш «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алды. Грантты бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өскелең ұрпақ аға буынның үмітін ақтайтындығы сөзсіз. Сол үшін әрбір жас бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіруі керек. Әрдайым білімге құштар, еңбекқор болу қажет. Жасампаз, отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алады. Мен сіздерді болашақта кәсіби маман, өз ісінің нағыз майталманы болады деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін», - деді Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын салтанатты табыстау іс-шарасы барысында.

Айта кетерлігі, грант бес бағыт бойынша 30 жасқа беріледі. Әр гранттың құны үш миллион теңгеден. ҚазАқпарат қызметкері Руслан Жұбаныш «мәдениет» бағытында «Taueldisiz» іс-шарасы жобасын ұйымдастырғаны үшін грантқа ие болып отыр.


Соңғы жаңалықтар