«ҚазАқпарат» ХАА Азияның көшбасшы БАҚ саммитіне қатысуда

None
None
САНЬЯ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров бүгін Боао Азия форумы (БАФ) аясында Азия елдерінің көшбасшы бұқаралық ақпарат құралдарының саммитіне қатысып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Бүгінде әлем жүз жылда бір болатын өзгерістерді бастан өткеріп жатыр. Әлемде, соның ішінде Азияда бейбітшілік орнауы үшін барлық елдің халықтары бірлесіп күш жұмылдыруы керек. Осы бағытта БАҚ та өз мойнына жауапкершілік алуы тиіс», - деді Қытай  Коммунистік партиясы Орталық комитеті насихаттау бөлімінің басшысы Хуан Кунмин медиасаммиттің ашылуында.

Медиасаммиттің тақырыбы - «Азиядағы БАҚ-тар ынтымақтастығының жаңа дәуірі - сабақтастық пен инновациялық даму». Шараны Боао Азия форумының хатшылығы, Қытай телерадио корпорациясы, Қытайдың жариялы дипломатиялық қауымдастығы ұйымдастырды.

Іс-шараға Азия құрлығындағы 40-тан астам мемлекеттің 140-тан көп БАҚ өкілдері қатысып жатыр. Саммит кезінде 4 панельдік сессия өтеді: «Азияның болашақ біріккен қоғамдастығын құрудағы ынтымақтастық пен БАҚ-тар арасындағы байланыс»,  «Бір белдеу, бір жол» құрылысы мен халықаралық коммуникациялар үшін жаңа мүмкіндіктер», «Реформалар мен ашықтық саясатына 40 жыл: Қытайдың дамуы мен жаһандық мүмкіндіктері», «Азия мәдениетінің құбылуы: алмасулар мен өзара таным».

Еске салайық, жыл сайынғы Боао Азия форумы (БАФ) 8-11 сәуір аралығында ҚХР-дің Хайнань аралында өтіп жатыр. Оған әлемнің барлық елдерінен келген саяси, іскер және ғылыми салалалардың 2 мыңнан астам өкілдері қатысуда.

10 сәуір күні БАФ-2018 ресми ашылуына ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қатыспақ. 

Соңғы жаңалықтар