ҚазАқпарат фототілшісі республикалық байқауда үздік атанды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласында «Түрленген Тараз» республикалық фото-видео, мобилография шеберлерінің байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото-видео өнері арқылы насихаттап, жаңарған шаһарды жаңа бейнеде көрсету мақсатында өткен байқауға 46 үміткер қатысты.

Баршасы да күн санап көркейіп, жаңа кейіпке енген көне шаһардың көз тартатын сұлулығын объектив арқылы көпшілік назарына ұсынды. Нәтижесінде әр номинация бойынша 15 қатысушы үздік деп танылды.

«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Түркістан бюросының фототілшісі Мақсат Шағырбай «Ең әдемі көрініс» номинациясы бойынша «Үздік фотограф» атанды.

«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен салтанатты шарада қала әкімі Е.Жылқыбаев жеңімпаздарды марапаттады.

Іс-шара соңында көпшілік фото көрмені тамашалап, жас ақындардың Тараз туралы жазған өлеңдерін тыңдады.

Айта кетейік, Мақсат Шағырбай халықаралық, республикалық фотобайқаулардың жеңімпазы. Атап айтар болсақ, биылғы жылы үздік фотосурет номинациясы бойынша «Urker-2021» ұлттық сыйлығын иеленді. Сондай-ақ, АҚШ, Беларусь және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен фотокөрмелерге қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алған.


Соңғы жаңалықтар