ҚазАқпарат Anadolu Agency-мен тарихи келісімге қол қойды

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Ыстанбұлда «ҚазАқпарат» ХАА мен Анадолу агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.

Меморандумға «Анадолу» агенттігі бас директорының орынбасары Мустафа Озкая мен «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының бірінші орынбасары Данияр Өтешев қол қойды.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы бас консулдығының кеңесшісі Бауыржан Әбдірахманов, Ыстанбұлдағы Қазақ мәдени қорының директоры Анара Байжанова, сондай-ақ Түркия бас ақпарат агенттігінің дирекциясы қатысты.
  null 

Кездесу барысында Данияр Өтешев биыл екі агенттіктің 98 жылдығын атап өтетіндігін тілге тиек етті.

«Біздің ақпарат агенттіктеріміздің 100 жылдығы қарсаңында бұл меморандумның жасалуы - Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі болуы тиіс», - деді ол.

nullӨз кезегінде, Мустафа Озкая бұл келісімді тарихи құжат деп атады.

Салтанатты рәсімнен кейін, «ҚазАқпарат» агенттігінің өкілдері Анадолу агенттігінің жұмысымен танысты.

nullАйта кетейік, шара Түркиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Соңғы жаңалықтар