«Қазақмыс» жұмыскерлерін жаппай қысқартуды жоспарлап отырған жоқ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» корпорациясы мыс бағасы тоннасына 4000-4500 долларға түсетіндей жағдай болса, оған әзір болу үшін оңтайландыру шараларын әзірлеуде, деп хабарлады компаниядан.

«Экономикалық күрделі жағдайларға, 2015 жылдан бастап металл бағасының күрт түскеніне қарамастан, «Қазақмыс» кәсіпорнында жаппай қысқарту жоспарланбайды. Өңірлердегі көптеген кәсіпорындардың стратегиялық мәні бар, сондықтан «Қазақмыс» мұндай шараларды қолданбайды», - деп мәлім етті компания таратқан баспасөз хабарламасында. Жыл басында әлемдік нарықта мыс бағасының күрт түсуіне байланысты компания операциялық шығыстарды оңтайландырудың алғашқы кезеңін өткізді, деп еске салды баспасөз қызметі. Жұмыскерлердің жұмыс орны сақталғаны атап өтіледі. Бұл ретте «Қазақмыс» инвестжобаларды іске асыруды жалғастырады. «Қазақмыс» мыс бағасы тоннасына 5000-5500 долларға түрленген жағдайда бар күшін салып, жұмыс орындарын сақтауға әзір», - деп түсіндірді корпорацияның бас директоры Бақтияр Қырықпышев. Ол компанияның кәсіподақпен, Үкіметпен жұмыс орнын сақтау туралы үшжақты меморандумға қол қойғанын еске салды. Басшы тиімсіз кәсіпорындарды ықтимал консервациялау жағдайы кезінде де жаппай қысқарту болмайды деп мәлімдеді. «Қазақмыс» бүгінде мыс бағасы тоннасына 5000-5500 долларда түрленген жағдайда да жалақы деңгейін сақтауды жоспарлауда. Баға тоннасына 4000-4500 деңгейге түссе, компания қосымша оңтайландыру шараларын енгізуге мәжбүр болады», - деді ол. Ол оңтайландыру операциялық, инвестициялық шығындар есебінен жүргізілетінін айтты, бұл ретте компания өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар