Қазақмыс қызметкерлері зардап шеккен жол-көлік апатын тексеретін арнайы комиссия құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақмыстың 17 қызметкері зардап шеккен Қарағанды облысындағы жол-көлік апатының мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл жөнінде «Қазақмыс» корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

10 тамыз күні темір жол өткелінде тепловоз бен Қазақмыс компаниясының қызметкерлері отырған жолаушылар автобусы соқтығысып, аталған жол-көлік апатынан 17 адам зардап шеккен.

Оларға емдік-диагностикалық рәсімдердің бүкіл кешені көрсетілді. Екі адам ауыр халде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы қалыпты екенін, өмірге қауіп жоқ екенін айтуда.

Қазақмыс корпорациясы барынша қажетті қызметті көрсетуге тырысуда. Жол-көлік апатының себебін анықтап, тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. 

Соңғы жаңалықтар