«Қазақмыс корпорациясында» еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында штаб құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақмыс корпорациясында» өндіріс орындарында еңбек қауіпсіздігін сақтау шараларын қолға алу мақсатында орталық штаб құрылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

«Шешім қабылданып, тыңнан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндіріс директоры Талғат Мағзұмов басқаратын орталық штаб құрды.Оларға компанияның барлық өндіріс орындарында еңбек қауіпсіздігін сақтауды жеке-жеке үйрету, қамтамасыз ету тапсырылған. Осыған ұқсас штабтар корпорацияның барлық филиалдарында тез арада құрылды. Барлық өндіріс орындарында күллі жұмыскерлерді қамтитын, кең ауқымды еңбек қауіпсіздігі мен жеке бас қауіпсіздігін сақтаудағы нормалар мен талаптарды қатаң сақтау бағытында жиналыстар өткізу жоспарлануда», делінген хабарламада.

Басты мақсат - кенші немесе балқытушы өз жұмыс орнына барып, еңбегін бастағанға дейін, қауіпті жұмыс орындарын анықтап, кемшілікті түзеу. Байқалған ең кішкентай ақаудың өзі дұрысталмай, ол орында жұмыс жүргізілмейтін болады.

Мұндай шешімді қабылдауға таяу арада Жезқазған және Балқаш кен байыту фабрикаларынан орын алған екі бірдей қайғылы оқиға себеп болған.

«Қазақмыс корпорациясы» басшыларының басшылығымен өндірістердегі еңбек қауіпсіздігін сақтауға арналған комитеттердің талдап тексеруіне, уақытында көпшілікке хабарланып, сақтандыру шаралары жүргізілуіне қарамастан, өндірістік жарақат пен оқыс оқиғалар әлі де орын алуда. «Осыдан үш жыл бұрын қабылдаған бесжылдық стратегиялық бағдарламамен біз жүргізіп жатқан өндіріс қауіпсіздігін сақтау шаралары сәйкес екендігін, жұмыстың бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқанын атап айтқым келеді. Қазір өндіріс қауіпсіздігіне жауапкершілікті күшейтіп, қатаң талап қоятын кезең жетті деп есептеймін. Біздің штабтарда күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыстар жұмыскерлерден қолдау тауып, бізге жақын арада, қысқа мерзімде еңбек қауіпсіздігін сақтау саласында мақсатты оң нәтижелерге қол жеткізуге - корпорацияның барлық өндіріс орындарында жарақаттану мен оқыс оқиғаларды болдырмауға ықпал етеді деп үміт артамын», - деді осы жағдайға байланысты «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры Бақтияр Қырықпышев.

Соңғы жаңалықтар