«Қазақмыс» кенішінің үңгушісі неден қайтыс болғаны анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Балқаштүстімет» ӨБ-нің Шатыркөл кенішінің үңгушісі жұмыс орныда жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлады «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің баспасөз қызметінен.

«Шатыркөл кенішінде жұмыс істеген үңгушінің аяқ астынан қайтыс болуының себебі анықталды. Медициналық сараптама жұмысшының өлімі өндіріске тікелей байланысты емес, жүрек талмасының салдарынан болған деген қорытынды шығарды», делінген хабарламада.

Қазақмыстың басшылығы мен еңбек ұжымы үңгушінің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Бұған дейін, 23 наурызда «Балқаштүстімет» ӨБ-нің Шатыркөл кенішінде 56 жастағы үңгуші қаза тапқаны хабарланған. Ауысым арасындағы демалыс кезінде үңгушінің денсаулығы кенеттен сыр берген. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, дәрігерлер ажалға араша түсе алмады. Бұл оқиғаны анықтау үшін өндірісте арнайы комиссия құрылды.

Соңғы жаңалықтар