«Kazakh Tourism» компаниясының бюджеті 56%, штат саны 20%-ға қысқартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ төрағасы Ержан Еркінбаев туристік салаға жауапты компания ішкі туризм үшін жұмсалатын шығынды қайта қарағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясының туристік салаға жаһандық ықпалын ескере отырып, елдің туристік әлеуетін шетелге танытуды мақсат тұтқан «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы өз жұмысын, ішкі туризм үшін жұмсалатын шығынды қайта қарады. 2019 жылға қарағанда биыл компанияның бюджеті 56%-ға, ал компаниядағы штат саны 20%-ға қысқартылды. Өндірістік шығындардың бәрі де оңтайландырылды», - деді Ержан Еркінбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, туристік сала қазіргі уақытта ауқымды дағдарысты бастан өткеріп жатыр.

«Екінші жағынан бұл туристік өнімдерді арттырып, жергілікті орындарда сервисті түзеуде таптырмас мүмкіндік. Мемлекет пен бизнес қазіргі уақытта ұзақ уақыт бойы қолдау таба алмай келген мәселелерді шешуге кірісті. Ең бірінші кезекте бұл – қызмет сапасы, санаторийлік-курорттық демалыс, экологиялық, этнографиялық, аграрлық мәселелер, мототуризм, балалар мен жастар туризмі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар