«Қазақавтожол» жеке меншікке сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек «Қазақавтожол» компаниясының жеке меншікке сатылғанын мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр екі жыл бұрын аталған компания басшылығының ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталғанын еске алды. Артынан Қарағанды, Қостанай және тағы бірқатар аймақтарда филиал басшылары қолға түсті.

«Осыдан кейін нақты шешім қабылданды. «Қазақавтожол» жекешелендіруге жататын нысандардың тізіміне енгізілді. Шамамен, бір ай бұрын оны жеке меншікке сатып алды. Қазір ол - жеке меншік кәсіпорын. Әрине, жеке меншік компания өз ақшасын ұрламауы тиіс. Бүгінде біз жеке акционермен байланыс орнатып жатырмыз», - деді Ж.Қасымбек Астанада өткен жиында.

Оның айтуынша, осы салада біраз адам жұмыс істейді. Республикалық жолдар құрылысында ғана 100 мыңға жуық адам еңбек етіп жүр.

Айта кетейік, «Қазақавтожол» РМК құрылғанда республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу мен күтіп ұстаудың бірыңғай мердігері ретінде белгіленген болатын. Кәсіпорын мамандары қыста қар тазалап, жазда ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқарып отырады. Ал «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдарды басқару бойынша оператор болып саналады. Ұлттық компанияның тапсырыстарын «Қазақавтожол» РМК-сы орындайды.

Соңғы жаңалықтар