+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Қазақ вальсінің падишасы – Шәмші әндері қуыршақ театрында

2020 жылғы 23 қазан 16:43
Бөлісіңіз:
Қазақ вальсінің падишасы – Шәмші әндері қуыршақ театрында

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өмір – өзен» атты жаңа музыкалық қойылымының премьерасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Болгарияда Абай мен әл-Фарабидің құрметіне мерейтойлық пошта маркалары шығарылды Сан-Францисконың бас кітапханасында қазақ әдебиеті бөлімі ашылды Айдар Баталов: Пандемия қазақстандық киноөндірушілердің жұмысына кедергі болған жоқ

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының сахнасында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай сырлы сазгердің ән қазынасына саяхат жасайтын «Өмір - өзен» театрландырылған музыкалық қойылымы қалың көрерменге жол тартты.

Аталмыш туындының режиссері Еркебұлан Қабдыл ұлттық құндылықтарға толы ұлы сазгер әндерін қуыршақ театр кеңістігінде тұңғыш рет ұсынып отырғанын жеткізді.

«Спектакльді тамашалауға келген көрермендер әртүрлі тақырыпта жазылған Шәмші әндерінің тереңіне бойлай түседі. Шәмшінің әндері әр қазақтың төрінде шырқалып, халықпен бірге жасап келеді. Сондықтан да біздің спектаклімізге келген көрермендер ұлы сазгердің құдіретті әндерімен тағы да бір рет қауышып, ән әлемінде жүзді. Әсіресе, жастар үшін тәрбиелік маңызы зор. Олар халқымыздың жарық жұлдызына айналған Ш.Қалдаяқовтың ән әлеміне құлаш ұрып, оның шығармашылығына байланысты аз да болса мәлімет алды»,– дейді режиссер Еркебұлан Қабдыл.

«Өмір - өзен» қойылымы белгілі бір оқиғаға бағындырылып, композициялық тұтастыққа негізделді. Әрбір әннің туу тарихы спектакль кейіпкерлерінің басынан өтіп жатқан маңызды оқиғалармен байланысып, көрермендердің қызығушылығын арттыра түсті.

Айта кетейік, театрда барлық санитарлық талап орындалды. Көрермендер маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT