+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды

2020 жылғы 20 ақпан 13:26
Бөлісіңіз:
Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдығына орай онлайн байқаулар ұйымдастырылады Жамбылдағы мәдени мекемелер онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр Өнер адамдары онлайн концерт беріп, дәріс өткізуде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Қазақ дикторларының анасы» атанған Зұлқия Мұқанқызын ғасырлық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сізді ғасырлық белесіңіз – 100 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз отандық көгілдір экранда тұңғыш рет қазақ тілінде эфирге шыққан Қазақ телевизиясының қарлығашысыз. Көзі қарақты көрермен 1958 жылғы 8 наурызда алғаш рет Сіздің «Кеш жарық» деген сөзіңіз арқылы ана тіліміздің асқақ үнін естіді. Тарих беттерінде қатталған сол кезеңнен бері ұзақ жылдар Қазақ телевизиясында абыроймен қызмет атқарып, соңғы жаңалықтар мен көркем шығармаларды, ел басшылығының үндеулерін халыққа үздіксіз жеткізіп отырдыңыз. Әр жылдары шығармашылықпен айналысып, балалар әдебиетінің алтын қорын толықтыруға үлес қостыңыз. Мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілеймін!», - делінген Мемлекеттік хатшының құттықтау хатында.

Зұлқия Мұқанқызы Жұматова 1920 жылдың 20 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Алматы телестудиясы ашылған 1958 жылы дикторлыққа жарияланған конкурсқа қатысып, 750 адамның арасынан үздік шығады.

«Мәдениет министрлігінің өкілдері бастаған комиссия 20 кісіден тұрды. Олар ақылдасып болған соң, «Сіз бірауыздан өтесіз» деді. Артынан білгенімдей, бағанадан бері менімен тілдескен Шәкен Айманов екен. Қасыма келіп ризашылығын білдірді. Сол кезде 1 орынға 750 адам үміткер болыпты. Дәл осылайша, қазақ теледидарындағы тұңғыш диктор болу бақыты менің маңдайыма бұйырды»,- деп еске алады З.Жұматова.

Сол жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде телехабарлар мен жаңалықтардың жүргізушісі ретінде қатысып, Юрий Левитан, Нина Кондратова сияқты бүкіл одаққа танымал дикторлармен қатар дикторлық өнердің құпиясымен танысады. Зұлқия Жұматова қара шаңырақта 1958 жылдан 1970 жылға дейін қызмет етті.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпарациясы Зұлқия Мұқанқызының қатысуымен Алматы студиясында арнайы хабар түсіреді. «Бір ғұмыр – бір ғасыр» жобасы «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен 8 наурыз қарсаңында көрсетіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT