Қазақ қызы әуеде ұшақ қанатында «серуендеді»

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматылық Бекзат Мұқанова әуеде ұшақ қанатында саяхат жасап, жұртты тамсантты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әйтеуір жүзеге асырдым. Таяуда да орындалған арманым бейнеленген видеоның алғашқы бөлігі», - деп жазды алматылық батыл қыз Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, әуеде ұшақ қанатында серуендеген кезде қысқа ғана темір арқанның көмегімен ілініп тұрған.

«Видеоны редакциялауға керемет емеспін. Дегенмен, бұл видеода сақтандыру құралы ретінде тек қана темір арқанмен ілініп ұшақ қанатында тұрған сәттегі сезім мен қорқынышты көрсетуге тырыстым», - деді ол.

Кеше ғана Бекзаттың парақшасында жарияланған видео қазіргі сәтте 600-ден астам көрілім жинап үлгерген.


Соңғы жаңалықтар