Қазақ-Қытай шекарасында «Жібек жолы» раллиінің 7-кезеңі аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жібек жолы» ралли-марафонының жетінші кезеңі Қазақстан аумағындағы 100 шақырымдық арнайы учаскеден кейін Қытаймен шекара тұсында мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана» Президент клубының баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Үржар-Қарамай» маршрутының жалпы ұзындығы 412,90 шақырымды құрайды, оның 106,60 шақырымы арнайы учаскеге тура келген.

"Astana Motorsports" командасы жүк көліктерінің басты классификациясында бесінші орынды ұстап тұр, ал өткен кезеңнің қорытындысы төменірек  - жетінші орын.

«Жібек жолы» ралли керуені Тянь-Шань жотасы арқылы Қытай аумағына бет алады. Онда нөсерлі жауын қырық градустық ыстыққа алмасып, ауа райы күрт өзгеріп тұрады.  

"Silk Way Rally-2017" келесі кезеңі жарысушылардың мұқият болуын талап етеді - автошабандоздарды Қарамайдан Үрімшіге дейін әртүрлі бедердегі жол күтіп тұр. 

1 2 3 4 

Соңғы жаңалықтар