Қазақ-Қытай шекараларында автомобиль өткізу пунктері қайта ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы Қазақстан Үкіметінің Қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысын толық ұсынамыз

* * *

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-1-тармақ алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қытай Халық Республикасына дипломатиялық арналар арқылы хабарласын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

  3. Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрі А. Мамин



Соңғы жаңалықтар