Қазақ-қырғыз шекарасында заңсыз жанармай тасымалдау жүйесі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан шекарашылары жанар-жағармайды шекара арқылы тасымалдауға арналған жерасты магистралін анықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік шекараның күзетін қамтамасыз ету міндеттерін атқару барысында қазақстандық шекарашылар қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп, қазақ-қырғыз шекарасы бағытындағы Жамбыл облысының шекара маңындағы аумағынан жер астына қазып төселген екі пластикалық шлангіні анықтады. Шлангінің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды. Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз отын тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жер асты магистралі болуы ықтимал», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.



Соңғы жаңалықтар