Қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтерде балалардың туу туралы куәлігін сұрамайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сенат депутаттарына қазақстандықтардың Қырғызстан, қырғызстандықтардың Қазақстан аумағында жүріп-тұру тәртібіне енгізілетін өзгерістер туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Назарларыңызға Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының Үкіметтері арасындағы ҚР азаматтарының Қырғыз аумағында және Қырғыз азаматтарының ҚР аумағында болу тәртібі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жөніндегі заң жобасы ұсынылады. Хаттамаға өтен жылы 12 шілдеде Бішкек қаласында Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының Үкімет басшылары қол қойды. Хаттамада мемлекеттік шекарадан өту үшін құжаттар тізімінен балаларға арналған анықтаманы, туу туралы куәлікті алып тастауды көздейді. Аталған норма тек Қырғыз Республикасымен жұмыс істейді. Басқа мемлекеттермен бұл норма көзделмеген», - деді Ішкі істер министрі Парламент Сенатының онлайн режімінде өтіп жатқан отырысында.

Ерлан Тұрғымбаев сонымен қатар бұл ретте жеке басты идентификациялау механизмі болмайтынын атап өтті.

«Туу туралы куәлік пен қосымша бет шекарадан өткенде сканерден өткізілмейді. 2006 жылдан бастап бүкіл әлемде халықаралық шекарадан өту кезінде биометриялық жол жүру құжатын алып жүру міндетті болды. Ал Қазақстанға бұл ереже 2009 жылдан бастап енгізілді. Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтарының құжаттары халықаралық биометриялық стандартпен істелген. Хаттаманы ратификациялау балалардың елге кіріп-шығуын халықаралық стандартқа сәйкес жеке басты идентификациялауға мүмкіндік береді. Аталған заңды қабылдау – әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар