Қазақ хандығының мерекесі халықтың берекесі болды - Жамбыл облысы жұртшылық өкілдері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Жамбыл облысы жұртшылық өкілдерінен хат келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Авторлар хатта былтырғы жылдың ел өмірінде айшықты оқиғаларға толы болғанын айтады. Соның ішінде мемлекеттілігіміздің негізі - Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің айрықша орны бар екенін атап өткен.

«Сіздің шешіміңізбен Астанада басталған мереке жалғасын тауып, Қазақ хандығының туы көтерілген Жамбыл жерінде зор табыспен өтті. Хандықтың мерекесі халықтың берекесі болды», - делінген хатта.

Жұртшылық өкілдері мерекелік шаралар аясында ашылған жаңа нысандар Тараз шаһарының көркін еселеп, елдің рухын көтере түскеніне, жастардың тарихи санасын жаңғыртқанына назар аударған.

Соңында авторлар болашақ ұрпақ үшін барлық жағдай жасалып жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Елбасыға мықты денсаулық пен табыс тілеген.

Соңғы жаңалықтар