Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде экономикалық, әлеуметтік мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтеді

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 20-сында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің конференц-залында қазіргі таңдағы экономикалық, әлеуметтік өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтеді.

Бұл ақпаратты аталған білім ордасының баспасөз қызметі таратып отыр.

Отырыстың негізі тақырыбы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҰҒА академигі Кенжеғали Сағадиевтің мерзімді баспасөзде жарияланған «Дағдарыс өтер де кетер, ал, болашақты бүгіннен ойлау парыз» атты мақаласын талқылауға арналмақ.

«Дөңгелек үстелге елімізге танымал экономистер, қаржыгерлер, ғалымдар, айтар сөзімен, жеткізер ойымен елді елең еткізіп жүрген белгілі тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері шақырылып отыр. Мәселен, жоғарыдағы мақала авторымен қатар экономика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Сұлтанғазин, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты директорының орынбасары Ғ.Байназаров және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшылары мен саланың белгілі ғалымдары қатысады», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар