«ҚазАгроны» трансформациялау бағдарламасы әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -«ҚазАгро» холдингі» АҚ-ны дамытудың стратегиялық бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында холдингтің басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, «ҚазАгроны» дамытудың стратегиялық бағдарламасы 2020-2029 жылдарға арналған.

«Онда барлық қадамдар қамтылады, яғни «ҚазАгроны» қазіргі күрделі жағдайдан шығарудың жоспары айқындалады. Сонымен қатар, трансформация бағдарламасы даярланады. Оның аясында барлық шығыстарды елеулі қысқарту мен «ҚазАгро» мен барша еншілес ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру шаралары қамтылады», - Е. Қарашөкеев 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуына арналған комитет отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сенаторлар «ҚазАгро» холдингін сауықтыру бойынша қадамдардың іске асырылу мәселесін көтерген болатын.

Соңғы жаңалықтар