«ҚазАгроИнновация» мекемесінде Сенат комитеті депутаттарының көшпелі мәжілісі өтеді

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 15-інде «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамында ҚР Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитеті депутаттарының көшпелі мәжілісі өтеді.

Бұл ақпаратты аталған компанияның баспасөз қызметі таратып отыр.

Алқалы жиын барысында аграрлық ғылымды одан әрі дамытудың жағдайы қозғалып, «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның осы салада жүзеге асырып жатқан шараларына қатысты мәселелер талқыланады.

«ҚазАгроИнновация» АҚ агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық дамушы институт мәртебесіне ие және аграрлық секторды ғылыми қамтамасыз ету жөніндегі мамандандырылған ұйым болып саналады. Қазақстандық аграрлық ғылымды дамыту тарихында 2009 жыл өзгеріске толы болып отыр, себебі алғаш рет тікелей компанияның қатысуымен ауыл шаруашылығы ғылымын және инновацияларды қолдауға 5,6 миллиардтан астам теңге, оның ішінде ғылыми зерттеулерді жүргізуге - 2,7, өндірістік және аграрлық ғылымның өндірістік және инновациялық инфрақұрылымын құруға - 2,98 млрд.теңге бағытталды», делінген баспасөз хабарламасында.

Сенат депутаттарының ғалымдармен кездесуі барысында бюджеттік құралдарды тиімді игеру бойынша қабылданып жатқан шараларымен, сондай-ақ кейбір ғылыми орталықтардың қызметімен танысады. Сонымен қатар «ҚазАгроИнновация» АҚ Мал шаруашылығы ғылыми-инновациялық орталығы құрамына кіретін «Асыл-Түлік» акционерлік қоғамына бару жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар