Қайырымдылар клубы елордалық 1000 отбасына көмек көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин басталған сәттен бері «Астана қайырымдылар клубы» елордалық 1000 отбасына көмек көрсетті. Бұл туралы аталған клубтың үйлестірушісі Динара Бекмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин кезінде клуб тарабынан елордалық 1000 отбасыға көмек көрсетілді. Сонымен қатар қала маңындағы елді мекен тұрғындарына да қолданған келген көмегімізді көрсетіп жатырмыз. Күн сайын біздің волонтерлар көмек сұраған отбасыларға азық-түлік жеткізіп береді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бүгінде клубтың 1 мыңға жуық волонтері бар. Дегенмен оның ішінде 70-і белсенді волонтер саналады. Қазіргі карантинге байланысты елорда көшелерінде жүруге бірқатар шектеулер бар. Сондықтан клуб 10 волонтерге арнайы рұқсат қағазын жасатқан. Олар мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізумен айналысады.

«Клубқа волонтер болуға ниеті бар кез келген адамды қабылдаймыз. Бірақ, клубтың ішкі ережелері бар. Яғни, айына бір рет кезекші болу, көмек сұраған отбасыларды тексеру және өткізілетін іс-шараларға белсене қатысу қажет. Әрине белсенді жандарды клубымызға шақырамыз», - деді Динара Бекмағамбетова.


Соңғы жаңалықтар