Қайырымды жандар көпбалалы отбасыларға баспана сыйлады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күнін Алматы облысының Текелі қаласындағы 12 отбасы жаңа баспанада қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аз қамтылған және көпбалалы 10 жанұя коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алды. Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев баспана кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ Текелі қаласының екі отбасына меценаттар баспана сыйлады. «Дәулет серпін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арқасында 7 баланы тәрбиелеп отырған Майгүл Жұбатхан Тұңғыш Президент күнін бес бөлмелі жер үйде қарсы алды.

Сондай-ақ осындай қуанышқа алты баланы тәрбиелеп отырған Ержан Ғалымның да отбасы кенелді. Баспана тауқыметін тартқан жанұяға мұндай қуанышты Алматы облыстық Мәдениет басқармасы мен облыстық газет редакторлары сыйлады. Жанұя енді екі бөлмелі пәтерде тұратын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысының Алакөл, Көксу, Кербұлақ аудандарында да жаңа баспана кілттері тапсырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар